Ғылыми зерттеулер мен өнертабыстарды ойлап табу – бұл әрдайым көңіл бөлуді және үлкен күш-жігерді талап ететін, ғалымдардың өте қиын және қарқынды шығармашылық қызметі. Алайда инновациялық жобаларды жүзеге асыруда әкімшілік жұмыстардың – демеушілермен келіссөздер жүргізу, гранттарға өтінімдерді беру, жабдықты сатып алу, құжаттама және көптеген басқа жұмыстардың да ролі маңызды. Аталмыш мәселелерді жетік және қысқа мерзімде «NURIS» ЖМ зерттеулерді қолдау кеңсесі шешеді. Тиімді түрде түзілген үдерістердің көмегімен команда университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен ғылыми қызметкерлеріне іргелі және ғылыми зерттеулерді жүргізудің барлық кезеңдерінде  қолдау көрсетеді.

 

Зерттеулерді қолдау кеңсесінің қызметтері:

  1. Әкімшілік қолдау:
  • ғылыми өтінімдерді даярлау, ұсыну және бағалау барысындағы ұйымдастырушылық және консультациялық қолдау;
  • «бір терезе» қағидасы бойынша ғылыми-зерттеу жобаларын қаржыландыру және мониторингілеу;
  • келісімшарттар мен келісімдер бойынша келіссөздер жүргізу;
  • қаржыландыру мүмкіндіктері туралы ақпаратты ұсыну;
  • ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге және демеушілердің нормативтік талаптарын ұстануға көмектесу;
  • донорлармен/демеушілермен/тапсырыс берушілермен коммуникация жүргізу;
  • жоба аясында хаттарды, қызметтік хаттарды, шарттарды мақұлдау;
  • жоба бойынша іссапарларды/іс-шараларды/кездесулерді ұйымдастыру;
  • келісімшарттар/жобалар шарттарының «Назарбаев Университетінің» саясатымен және миссиясымен сәйкес келуін қамтамасыз ету;
  • қызметкерлер мен студенттерді тарту мен іріктеу.
  1. Қаржылық қолдау:
  • бюджетті қалыптастыру мен түзетуге көмектесу;
  • бюджеттің атқарылуының мониторингісі: жоба бойынша түсімдер мен шығындардың мониторингісі;
  • төлемге арналған құжаттарды дайындау.
  1. Тауарларды/қызметтерді сатып алу:
  • тауарларды/қызметтерді сатып алу үдерісін ұйымдастыру;
  • тауарлардың кедендік қолдауын ұйымдастыру;
  • тауарларды/қызметтерді сатып алу үшін шарттар жобасын дайындау.

 

Зерттеулерді қолдау кеңсесі командасының қолдауы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранттарына өтінімдерді беру.

Мамандардың қызметтері:

  • өтінімдерді техникалық жағынан редакциялау;
  • бюджетті дайындау;
  • үшінші тұлғалармен келісімшарттар жасау;
  • жабдықты/шығын материалдарын сатып алу;
  • БжҒМ-ға есеп беру.

 

  1. Келісімшарттық зерттеулерді жүргізу.

Зерттеулерді қолдау кеңсесі барлық келісімшарттық зерттеулерге, оның ішінде сыртқы ұйымдармен жасалатын келісімшарттық зерттеулерге жауап береді.

Қызмет кезеңдері:

  • тәуекелдерді бағалауды жүргізу;
  • заң сараптамасы;
  • келісімшарт шарттары бойынша кеңес беру;
  • келісімшарттарды құрастыру және жүргізу.

2016 жылы Кеңсе командасы ғалымдармен бірге Дүниежүзілік банк және «Petrofac» сияқты ірі ұйымдар мен компанияларға арналған  бірнеше келісімшарттық зерттеулерді сәтті іске асырды.

 

      Дүниежүзілік банк ұйымына арналған келісімшарттық зерттеу.

Жоба міндеттері:

      климаттың өзгеруінің алдын алу бойынша жұмыстың қолда бар үлгісі мен саясатының олқылықтарын көрсету және талдау;

      қабылданған саясатпен қатар ЖГ шығарылуының жолдары;

      халықаралық міндеттерді орындауда қабылданған жұмыс принциптерінің әсер ету талдауын өткізу.

      проведение анализа влияния СТВ на экономику.

 

Жобаны жүзеге асыру аясында кеңесшілермен және үшінші тұлғалармен 35 келісімшарт жасалды, сондай-ақ зерттеу нәтижелері ұсынылған қорытынды семинар өткізілді.

Жобалық топтың құрамы: жетекші – Бакдолотов А., жобалық топтың мүшелері - Аяшев К., Ахметбеков Е., үйлестіруші – Алгалиева Э.

 

Мұнай және газ өнеркәсібіне арналған келісімшарттық зерттеу («Petrofac»).

 

Мұнай және газ өнеркәсібі үшін топырақ пен көмілген құбыр арасындағы өзара әрекеттестікті зерттеу жобаның негізі болып табылады.

Жобаның міндеттері:

      топырақ пен көмілген құбыр арасындағы өзара әрекеттестікті тестілеудің толық масштабты бағдарламасын өткізу үшін жаңа ғылыми әдісті дайындау.

      университет Технопаркінің базасында сынағыш қондырғыны жобалау;

      табиғи күкіртті газды тасымалдау үшін қолданылатын ауыр жер асты құбырының жаңа желісін жобалау.

 

Кеңсе командасы осынша қиын жобаны іске асыруда баға жетпес тәжірибеге ие болды. Мамандар ол жобаны барлық кезеңдерінде – сатып алу мен жабдықты кедендік рәсімдеуден бастап эксперименттік қондырғыны шығаруға дейін басқарды. Нәтижесінде 50-ден астам шарт жасалды.

Жобалық топтың құрамы: жетекші – Минх Хоп Нгуен,  жобалық топтың мүшелері Инженерия мектебінің профессорлары Дичуан Джанг и Джон Ким, үйлестіруші – Бердыханова Д.

 

  1. Демеушілік жобаларын іске асыру.

Зерттеулерді қолдау кеңсесі түрлі демеушілермен тығыз ынтымақтастықта.

Демеу көрсету үшін басым салалар:

      жаңғырмалы энергетика: жел және күн энергиялары;

      плазманың термоядролық синтезі мен физикасы;

      нанотехнологиялар мен материалтану;

      энергетиканың қоршаған ортаға әсері туралы мультидисциплинарлық зерттеу: биологиялық, химиялық, экологиялық.

Кеңсе қызметтері:

  • консультациялық көмек пен қолдау көрсету;
  • тәуекелдерді басқару;
  • жобаны үйлестіру;
  • тиісті терминдерді мақұлдау;
  • келісімнің дұрыс тұрпатын орнату.

 

  1. «Назарбаев университеті» берген бастапқы гранттар (SEED GRANTS).

2012 жылдың ақпан айынан бастап университет қызметкерлер ғылыми қызметпен қатар оқытушылық қызметпен де айналысқан жағдайда ОПҚ зерттеулерін қолдап келеді. Бүгінгі таңда  93 грант, оның ішінде Ғылымдар мен технологиялар мектебіне -37, Инженерия мектебіне – 27, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебіне – 26, Жоғары білім беру мектебіне -3 грант бөлінді. 2012 жылы 13 жоба аяқталды, келесі жылы – 6 жоба, және бір жыл ішінде – 30, 2015 жылы – 29 грант аяқталды. Қазіргі таңда 15 жоба  іске асырылып жатыр.

  1. Жабдық жөніндегі Комитетке өтінімдерді ұсыну.

Комитет «Назарбаев университетінің» және оның мекемелері/орталықтарының ғылыми-зерттеу және білім беру мақсаттарына арналған жабдықты сатып алудың қажеттігін анықтауға жауап береді.

Құны 10 000 АҚШ долларынан жоғары (бұл сомаға импорттық кедендік тазарту, кедендік баж, салық, сондай-ақ тасымалдауға байланысты шығындар кірмейді) тұратын жабдықты сатып алуға арналған өтінімдерді қарастырудың критерийлері:

  • жабдықты сатып алу қажеттігінің тиісті негіздемесі;
  • зерттеулер үшін тиімді болуы және университеттің, мектептің және орталықтардың ағымдағы зерттеу және білім беру міндеттеріне сәйкес келуі;
  • жайлардың және университетте, мектептер мен орталықтарда қызмет көрсету құралдарының болуы;
  • жедел қызмет көрсетудің қажеттілігі;
  • техникалық қолдау және үйрету қажеттілігі;
  • жалпы қолданыс үшін жабдықтың әмбебаптылығы мен пайдалылығы.

Құны 250 000 АҚШ долларынан жоғары (жалпы сомаға импорттық кедендік тазарту, кедендік баж, салық, сондай-ақ тасымалдауға байланысты шығындар кіреді) тұратын жабдықты сатып алу туралы шешімді университет өкілдерінен құралған арнайы жұмыс тобы қабылдайды.

Егер де жабдықтың құны 750 000 АҚШ долларынан (барлық шығындар қамтылуы тиіс) асатын болса, онда Комитет өзінің оң шешімінен кейін өтінімді «Назарбаев университетінің» ғылыми-зерттеу жабдығы жөніндегі Жоғары Комитеттің қарауына жібереді.

 

Сілтемелер: жабдық бойынша дерекқор

жабдықты сатып алуға арналған өтінім үлгісі

  1. Ғылыми өтінімдердің халықаралық сараптамасын жүргізу.

«Назарбаев Университеті Ғылыми кеңесінің саясаты мен рәсіміне» сәйкес профессорлық-оқытушылық құрамның барлық мүшелері мен ғылыми қызметкерлер сыртқы гранттарға, оның ішінде Қазақстан Республикасы үкіметінің гранттарына да өтінімдер беруге құқылы. Бірақ солай бола тұра олар сапаға кепілдік алу мен «Назарбаев университеті» брендін қолдау үшін халықаралық сараптамадан (бағалау) өту керек. Осы мақсатта Зерттеулерді қолдау кеңсесі американдық «ORAU»  агенттігімен бірге қызмет істеп келеді.

«ORAU» 1946 жылдан бері университеттермен және заңды тұлғалармен жұмыс істеп келе жатқан коммерциялық емес кәсіпорын болып табылады. Агенттік мамандандырылған ресурстар, ерекше зертханалық мүмкіндіктер мен ірі ғылыми-зерттеу университеттерінің консорциумының қолдауының арқасында кешенді ғылыми-техникалық сараптаманы қамтамасыз етеді. Толығырақ ақпаратты сілтеме бойынша ала аласыздар http://www.orau.org/scientific-peer-review/success-stories/kazakhstan.aspx.

Өтінімді  пәндік саладағы үш сарапшы келесі 8 критерий бойынша, 9 балдық жүйемен бағалайды (1-төмен, 9 – өте жақсы):

  • сапасы мен жаңалығы/инновациялылығы
  • әдіснамасы мен іске асырылуы (оның ішінде жоспар, бюджет)
  • зерттеудің басым бағыттарына сәйкес келуі (ҚР)
  • ғылыми этика
  • өтінім берушінің және жоба қатысушыларының біліктілігі
  • ғылыми инфрақұрылым
  • халықаралық ынтымақтастық
  • дереккөздер/әдебиет (NU Evaluation Criteria-ны қараңыз).

Сараптама нәтижелері бойынша ORAU сарапшылардың толық түсініктемелері мен өтінімнің орташа балы көрсетілген бағалау парағын береді. Кеңсе әр өтінім берушіге/ғылыми жетекшіге бағалау парақтарын (құпия – рецензиялаушының аты айтылмайды ) жібереді.

Сараптама жылына екі рет – қаңтарда және қыркүйекте өткізіледі. Маршруттық парақ өтінімнің бір бөлігі болып табылады және профессорлық-оқытушылық құрам үшін міндетті.

Бағалауды орындау мерзімі 75 күнтізбелік күнді құрайды. Төртінші сарапшы сараптамаға жұмылдырылған жағдайда өтінімді қарау мерзімі 90 күнтізбелік күнге дейін ұзартылады.

Сілтемелер: НУ ғылыми өтінімінің үлгісі