«NURIS» тестілік режимде Ұжымдық пайдалану зертханасының (ҰПЗ) / Office of Shared Research Facilities (OSRF) жұмысын іске қосуда. Басты міндет – университет қызметкерлерін бірегей аналитикалық жабдық пен білікті қызметке тең қолжетімділікпен қамтамасыз ету. ҰПЗ-ны құру туралы шешім ғылыми зерттеулер мен инновациялық қызметті қолдау, сондай-ақ жоғары технологиялық аспаптарды  мақсатты пайдалану үшін «Назарбаев Университетінің» Ғылыми кеңесі тарапынан қабылданды. Қазіргі кезде  олар бөлек зертханаларда орналасқан және көп жағдайда зерттеушілер мен профессорлардың тек белгілі бір тобы ғана пайдаланады.

 

Зертхана жабдығы:

  1. ядролық магнитті резонанстың спектрометрі (ЯМР/NMR);
  2. рентген-флуоресцентті спектрометр (РФС/XRF);
  3. масс-спектрометриялық детекторлы газды хроматограф (МС-ГХ/ GC-MS);
  4. ультра тиімділігі жоғары сұйықтықтық хроматограф (УТЖСХ/UHPLC);
  5. ионды хроматограф (ИХ / IC);
  6. жалынды-ионизациялық детекторлы газды хроматограф (ЖИД ГХ/ GC with FID).

 

Бұл аспаптар ең заманауи жабдықтардың бірі болып табылады және зерттеушілерге тек Университет қажеттілігі үшін ғана емес, сонымен қатар ғылыми, коммерциялық және басқа да ұйымдардың қажеттілігі үшін түрлі талдаулардың кең ауқымын жүргізуге мүмкіндік береді. Мұндай жабдықпен бүкіл Қазақстан бойынша тек бірнеше зертханалар ғана қамтылған.

Бүгінгі таңда 600-ден астам талдау жасалынды, тестілік режимде ҰПЗ-ның веб-сайты мен жабдықты онлайн режимде резервтеу жүйесі іске қосылды. Әр аспапқа толық оқытудан өткен және алдағы уақытта біліктілікті арттыру курстарын өтетін жеке оператор бекітілді.

Жабдықты қолдану күні мен уақытын броньдау үшін «Qreserve» онлайн жүйесінде тіркелу қажет, пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін қадамдық бейне-нұсқаулық дайындалған, оны www.osrf.nu.edu.kz сайтынан табуға болады.