NAZARBAYEV UNIVERSITY RESEARCH AND INNOVATION SYSTEM

«Nazarbayev University Research and Innovation System» жеке мекемесі (бұдан әрі – NURIS), «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының Атқарушы кеңесінің 2012 жылғы 25 қыркүйектегі шешімімен «Энергетикалық зерттеулер орталығы» ЖМ-ні қайта құру және атауын өзгерту жолымен құрылған. NURIS құрылтайшысы «Назарбаев Университеті» ДББҰ болып табылады.

Қазіргі уақытта, Назарбаев Университетінде «NURIS» ЖМ-мен бірлесе отырып, Ұлт жоспары – 5 институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадамның 63-ші қадамын іске асыру мақсатында, елдің ғылымды қажетсінетін экономикасын қалыптастыруға негіз болатын Astana Business Campus инновациялық кластерін құру және дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күні, АВС инновациялық кластерінің базасында Коммерциялау кеңсесін, Бизнес Инкубаторды және Пилоттық Технопаркті қамтитын жобаларды коммерциялау жүйесі құрылды. Инновациялық кластер Назарбаев Университетінің айналасында ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялы компаниялар аймағын дамытуды қамтамасыз етуге; ғалымдар үшін қолайлы жағдайларды тудыруға, Назарбаев Университетінің базасындағы жаңа технологиялық зерттеулерге инвестицияларды тартуға: жаңа технологияларды трансферттеуге және коммерциялауға; Назарбаев Университетінің түлектері үшін жаңа жұмыс орындарын құруға арналған.

АВС инновациялық кластерінің элементтері

Коммерциялау кеңсесі 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қызмет ете бастады. Коммерциялау кеңсесінің мақсаты Тәжірибелік-эксперименттік цех алаңшасында жобаларды модельді әзірлеу, тәжірибелік үлгіні жасау, патенттеу, алдын ала бизнес-жоспарын жазу, не өнімнің пилоттық партиясын шығару сатысына жеткізу болып табылады.

Қаржыландыруға бекітілген ғылыми-техникалық және/немесе тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды/жобаларды басқаруды жүзеге асырады.

2013 жылдан бастап келесі сфераларда 17 жоба қаржыландырылды:

- Биомедициналық технологиялар

- АТ және Роботты техника

- Энергия үнемдеуші технологиялар

- Жаңа материалдар

2013 жылдан 2016 жылға дейін 28 патенттік өтінім беріліп, 13 патент және 2 авторлық құқықты тіркеу туралы куәлік алынды.

Бизнес-инкубатор – жас кәсіпкерлердің стартап жобаларына идеяларды әзірлеуден оны коммерциялауға дейінгі барлық даму сатыларында қолдау көрсету жолымен Университеттің зияткерлік қызметінің нәтижелерін коммерциялауға жәрдемдесетін NURIS-тің құрылымдық бөлімшесі.

Бизнес-инкубатордың қызметіне келесілер кіреді:

  • Назарбаев Университетінің базасында іске асырылатын инновациялық жобаларды бизнес-инкубациялау мәселелері бойынша консультацияларды жүргізу;
  • стартап компанияларды құруға және дамытуға жәрдемдесу;
  • маркетингтік зерттеулерді жүргізу;
  • жобалау командаларына бизнес-менторлар мен бизнес-әріптестерді іздеу және тарту.

Бизнес-инкубаторда компанияларға технологиялық бизнес-инкубациялау қызметі көрсетіледі, оның барысында идеяларды құру жүреді, жобалардың бизнес-жоспарлары талдап тексеріледі, зерттеушілік және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың қажетті кезеңдері жүргізіледі. Сосын, жоба келесі кезеңге өтеді де, өнеркәсіптік үлгілердің тәжірибелік және пилоттық өндірісін жүзеге асыру, жаңа технологияларды тестілеу үшін Технопаркке орналастыруға ауыстырылады.

Назарбаев Университеті кампусының аумағында орналасқан Технопарк - бұл  заманауи үй-жайлары әртүрлі ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға икемделіп жасалған, жоғары технологиялы стартап компаниялар орналастырылатын 2 300 шаршы метр.

Бүгінгі күні, Технопарктің резиденттері Назарбаев Университетінің Коммерциялау кеңсесінің жобалары, сондай-ақ Philips, ElectroDynamics, Institute of Batteries және басқалары сияқты қазақстандық және халықаралық компаниялар болып табылады.

2012 жылдан бастап Технопарк аумағында жаңартылмалы энергия көздері саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және оларды дәстүрлі энергетикалық желімен біріктіруге арналған Жаңартылмалы энергия көздерінің эксперименттік алаңшасы (Renewable Energy Test Site немесе RETS) қызмет етеді. Аталған полигон Пилоттық Технопаркті жаңартылмалы көздерден алынатын дербес электр және жылу энергиясымен ішінара жарақтандырады. Сол сияқты, Технопарк аумағында максималды қуаты 25кВТ/пик, Қазақстан аумағында теңдесі жоқ «SunPower Oasis C-7» күн энергетикалық қондырғысы жұмыс істейді.

Бұған қоса, RETS аумағында метеологиялық көрсеткіштерді (желдің жылдамдығы, күннің сәуле шығаруы, температура, ылғалдылық, ауа-райы жағдайларын есепке алу және басқалары) өлшеуге мүмкіндік беретін метеостанция да орнатылған. Технологияларды қолданудың әлеуетті мүмкіндіктерін анықтау тікелей күн сәулеленуінің жоғарғы көрсеткіштеріне ие өңірлер үшін ауқымды өнеркәсіптік жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Технопарк әртүрлі сфералардағы жобалар үшін ашылған:

  • Энергетика және энергиялық тиімділік;
  • Дизайн және өндіріс;
  • Су және су технологиялары;
  • Медицина, биотехнологиялар және биомедицина;
  • Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар.

NURIS, зияткерлік-инновациялық кластерді дамыту қызметімен қатар, мұнан былай инновациялық, технологиялық дамуға, сондай-ақ бизнес пен кәсіпкерліктің дамуына серпін беретін ілгерінді ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды жүргізумен де айналысады. Осы бағытты іске асыру үшін NURIS Университеттің ғылыми орталықтарымен және мектептерімен белсенді ынтымақтастық орнатқан. Аталған жобаларды іске асырғандығының арқасында NURIS-тің ғылыми әлеуеті артып отыр: шет елдердің зерттеушілік зертханаларымен, бизнеспен және өндіріспен өзара әрекеттестік және бірлескен жұмыс, рейтингі жоғары халықаралық басылымдарда мақалалар жариялау, өнертабыстарға патенттерді алу.

Ғылыми қызметін табысты іске асыру мақсатында, NURIS ғалымдарды әкімшілік, ұйымдастырушылық-техникалық қолдау жүйесін жетілдіруге бағытталған жұмысты, оның ішінде ғылыми зерттеулерде пайдаланылатын ғылыми жабдықтар мен шығыс материалдарын уақытылы сатып алу, ғылыми және оқу зертханалары мен жабдықтарына қызмет көрсетуге арналған инженерлік-техникалық жабдықтау жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді.

Міндеттері:

1)      Ғылыми зерттеулерді қолдау;

2)      Зертханалық сабақтардың жүргізілуін қамтамасыз ету;

3)      Инженерлік-техникалық жабдықтау

4)      Сатып алулар және материалдық-техникалық жабдықтау;

5)      Тұтынушылармен кері байланыс жүйесін дамыту.

Ғылыми қызметті табысты жүргізу үшін ғылыми зерттеулерде пайдаланылатын ғылыми жабдықтар мен шығыс материалдарын уақытылы сатып алу, ғылыми, оқу зертханалары мен жабдықтарына қызмет көрсетуге арналған инженерлік-техникалық қызметтің жұмысын ретке келтіру қажет.

Ғылыми зерттеулерді қолдау

Ғылыми зерттеулерді қолдау өзіне төмендегілерді қамтиды:

1) ішкі және сыртқы көздерден қаржыландырылатын ғылыми өтінімдер мен жобалардың тәуелсіз сыртқы сараптамасын ұйымдастыру;

2) зерттеу жобаларын кешенді қолдау, атап айтқанда ғылыми жобаларды жоспарлау, басқару, мониторингтеу, қаржылық менеджментін жүргізу, зерттеулерді жүргізуге қажетті тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға жәрдемдесу;

3) ғылыми жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру үшін демеушілік құралдары мен гранттарды тартуға жәрдемдесу.