СОР21 конференциясына дайындық барысында Францияның Өкілетті Елшісі Беренжер Кэнси Назарбаев Университетіне келді

October 21, 2015

СОР21 конференциясына дайындық барысында Францияның Өкілетті Елшісі Беренжер Кэнси ханым, Назарбаев Университетінің студенттері мен қызметкерлеріне дәріс өткізіп алдағы желтоқсан айында Парижде өтетін климат жөніндегі саммит туралы айтып берді. Саммит жаһандық экологиялық саясатқа әсер ететін басты іс-шара, оның нәтижесінде Киото хаттамасын алмастыратын жаңа халықаралық климаттық келісімге қол қойылуы тиіс. Дәріс барысында Назарбаев Университетінің инновациялар жөніндегі вице-президенті және Климаттың өзгеруі бойынша координациялық орталығының директоры Қанат Байғарин Назарбаев Университетінің «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясымен бірлесіп, 2015 жылғы 9 желтоқсанда Париж қаласында, Франция, ЮНЕСКО штаб-пәтерінде 2015 «Болашақ Энергиясы» Форумын ұйымдастыратыны туралы хабардар етті.