«NURIS» ПОСТЕРІ MATERIALS RESEARCH SOCIETY КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ЕН ТАҢДАУЛЫ ПОСТЕРЛЕРДІҢ БІРІ БОЛЫП ШЫҚТЫ

January 22, 2015

Якорлық жоба тобының халықаралық деңгейдегі ғалымы Зинетула Инсеповтың (NURIS) графен қасиеттерін зерттеу бойынша постері Бостон қаласында (Массачусетс, АҚШ) 2015 жылғы 29 қараша мен 4 желтоқсан аралығында өткен Materials Research Society of USA (MRS US) конференциясында "Best Poster Award" номинациясы бойынша ең үздік постерлердің қатарына кірді. Осы постер техникалық мазмұны, сыртқы сипаты, графикалық рәсімделуі мен таныстырылым сапасына қарай басқалардан ерекше бағаланды. MRS US – бүгінгі таңда АҚШ-та және әлемнің 50-ден астам мемлекетінде жаңа материалдарды зерттеу саласында индустриялық, үкіметтік және университеттік ғылыми зертханалардың 16 000 мыңға жуық ғалымдарын, инженерлерін, зерттеушілерін біріктіретін халықаралық мәртебесі бар құрметті қоғамдастық. US MRS-нан сыйлық алу – бұл үлкен абырой! Конкурсқа 2253-тен астам постерлер қатысты, ал Назарбаев Университеті МІТ (АҚШ), Yale Университеті (АҚШ), KAIST (Оңтүстік Корея) сияқты білім беру саласындағы үздіктермен бірге жүлделі сыйға ие болған төрттіктің қатарына кірді.

Құттықтаймыз!