НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТ ПАРИЖДЕГІ «БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫ» ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

December 1, 2015

Парижде Назарбаев Университетімен ынтымақтастықта Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің және Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы Тұрақты Өкілдігінің қолдауымен ЭКСПО-2017 Ұлттық компаниясы ұйымдастырған Болашақ Энергиясы Форумы өтті. Бұл форум энергетика саласындағы ең таңдаулы ақыл-ойды, көрнекті саяси қайраткерлердің, бизнесмендердің, трансұлттық корпорациялардың, ірі халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ Нобель сыйлығының бірнеше лауреаттарының – бір сөзбен айтқанда, орнықты энергетиканың не екенін жақсы білетін және оның дамуына тікелей қатысы бар тұлғалардың басын қосты. Осы форумға біздің Президентіміз Шигео Катсу және Инновациялар жөніндегі Вице- президент Қанат Байғарин қатысты. Президент Шигео Катсу бұл форумның Астана ЭКСПО-2017 қарсаңындағы көпқырлы

тұғырнаманың бір бөлігі екендігін атап көрсетті. Келесі Болашақ Энергиясы Форумы 2016 жылы мамырда Астанада өтеді. Ол сондай-ақ: «Доңғалақты қайтадан ойлап тапқанша, ең таңдаулы әлемдік практиканы пайдаланған дұрыс емес пе?!» дегенді баса айтты. «Біз энергетика және орнықты даму саласының көшбасшы сарапшыларын, беделді ғалымдар мен ойшылдарды біздің форумға тарта алдық», - деді вице-президент Қанат Байғарин. «Форумға қатысушылардың құнды идеялары мен ұсынымдары ЭКСПО-2017 шеңберінде өтетін ең басты Болашақ Энергиясы Форумының алуан түрлі және жоғары сапалы бағдарламасын, сондай-ақ көшбасшы павильон – Energy Best Practices Area (eBPa) көрмесінің контентін дамытуға мүмкіндік береді».