«IT-Universe-2013/14» ақпараттық технологиялар саласындағы жоғарғы және орта мамандандырылған білім алатын студенттерге арналған 1-ші Халықаралық олипияданың ақтық мәресі

October 6, 2015

2013 жылдың қазан айында басталған IT-Universe-2013/14 1-ші Халықаралық студенттік олимпиадасына төрт елдің (Азербайджан, Беларусь, Қазақстан, Украина) 150-ден астам ЖОО-нан 1500-ден астам студент қатысты.
Олимпиада өткізудің бір мақсаты – үздік студенттерге «өздерін танытуға» мүмкіндік беріп, жұмысберушлердің назарын аудару болса, екінші жағынан, және бұл қуантарлық жайт – Назарбаев Университеті әр түрлі елдің студенттері арасында өтетін интеллектуалдық бәсекенің алаңына айналады.
Олимпиаданың Қазақстандағы бастамашысы Nazarbayev University Research and Innovation System болса, Украинада – Украинаның АТ-директорларының Қауымдастығы, Азербайджанда – Qafqaz University, Беларусте – Ақпаратнама мен Радиоэлектрониканың Беларусь Мемлекеттік Университетеі болды.
Студенттердің әр алуан АТ бағыттарымен қызығушылығын назарға ала отырып, әр қатысушы елдің ұйымдастырушылары олимпиаданың кезекті айналымы қай елде өтетіне байланысты 12 түрлі сайысқа дейін ұсынды.
Интеллектуалдық бәсекенің ақтық мәресі Назарбаев Университетінде өтеді және де ол алты түрлі сайыстан тұрады: «Мобильді бағдарламаларды өңдеу», «Спорттық бағдармалар жазу», «Протоколдар, сервистер және жабдықтар»), «1С бағдарламалау: Өнеркәсіп 8», «1С қолдану: Бухгалтериялар 8», «Үздік инновациалық диплом».
Өз елдерінде өткен сайыстарда үздік атанған 60 студент ақтық мәреге қатысады. Қазақстандық үміткерлердің арасында былтыр, 2013 жылы, өткен бағдарламалау әлем чемпионатының мәресіне қатысқан студенттермен қатар биылғы чемпионаттың ақтық сынына қатысатын студеннтер де бар.
Олипиаданың демеушілері мен серіктестері арасында Samsung, 1С, D-Link, EPAM System сияқты әлемге танымал бағдарламалық жабдықтар мен коммуникация құралдарын шығарушылармен қатар қатысушы елдердің жергілікті АКТ компаниялары да бар. Аталған демеушілер мен серіктестер олимпиаданы дарындарды таныта алатын және ашатын іс шара ретінде қарастырады.