Astana Business Campus Технопаркіндегі шығармашылық демалыс

May 15, 2016

Astana Business Campus Технопаркінде 15-ші мамырда Behance Portfolio Reviews шарасының 2-ші күні өтті. Бұл жолы жұмыс жаңа сипат алып, workshop пішімінде өтті. Astana Business Campus коммерциялау офисі дизайнерлерге Назарбаев Университетінің стартапы, SmartGraft, үшін кешенді визуалды шешім (нэйминг, логотип, қаптама, сайт) дайындауды ұсынды. SmartGraft – күйіктердің жазылуын жақсартатын, тері регенерациясына арналған инновациялық таңғыштар.

Іс-шараның сарапшылары мен спикерлері ретінде Мәскеу, Алматы және Астананың жетекші дизайнерлері шақырылды: Владимир Лифанов, Григорий Коченов, Хадия Улумбекова, Азамат Сайфуллаев и Мирас Ибраимов.

Behance Portfolio Reviews – бұл шығармашылық қоғамдастықтың www.behance.net платформасының қолдауымен өтетін жыл сайынғы кездесулері. Бұл кездесулерді әлемнің түкпір-түкпірінен келген дизайнерлер өз салаларындағы сарапшыларамен пікір және тәжірибе алмасады.

Іс-шараның аясында «Қазпошта» АҚ ұлттық пошта қызметінің post.kz порталы үшін логотип дайындау байқауының қорытындылары жасалды. Презентацияларды тыңдау және дизайнерлерді марапаттау үшін іс-шараға Бағдат Мусин қатысты.

Оған қоса дизайнерлер арасында тағы бір шығармашылық байқау – Олимпияда чемпионы Серік Сапиевтің логотипін дайындау – жарияланды. Серік Сапиев өз жұмыстарын ұсынған дизайнерлерге шығармашылықтары үшін алғысын білдірді.