«Корпоративтік R&D орталықтар: бизнестің тұрақты өсуіне арналған тұғырнама»

May 2, 2017

2017 жылдың 10 ақпанында сағат 11:00-де Назарбаев университетінің кітапханасында «Корпоративтік R&D орталықтар: бизнестің тұрақты өсуіне арналған тұғырнама» атты кітаптың тұсаукесері өтеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауына сәйкес ел экономикасының жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы міндеті қойылды. Сондай-ақ Президент "Назарбаев Университеті" базасында ғылыми және инновациялық әлеуетті дамыту міндетін қойды.

Мемлекеттік стратегиялар мен үдемелі индустриалды және инновациялық даму бойынша бағдарламаларды сәтті іске асыру үшін корпоративтік R&D секторының жеделдетілген қалыптасуы мен дамуы мәселелеріне алдағы болашақтағы елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізі ретінде көбірек көңіл бөлу қажет.

Nazarbayev University Research and Innovation System (NURIS) зерттеулер мен зерттемелердің корпоративтік секторының негізгі трендтеріне және олардың соңғы 60 жылдық мерзімдегі дамуының шолуына арналған жұмысты қалың жұртшылықтың назарына ұсынуға қуанышты.

Жүргізілген зерттеулердің маңыздылығы мен уақытында орындалуы туралы, сондай-ақ  Қазақстандағы инновациялық қызметтің даму процесіне жұмылдырылған ұйымдар үшін Назарбаев университетінің инновациялық-интеллектуалдық кластерінің базасында R&D орталықтарды құру мүмкіндіктері туралы айтып беретін авторлық алқа мүшелері іс-шараның спикерлері болып табылады.

Іс-шара қатысушылары – ірі қазақстандық компаниялардың, мемлекеттік органдардың, даму институттарының, сондай-ақ ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері.