КОММЕРЦИЯЛАУ КЕҢСЕСІ

Коммерциялау кеңсесі – «Назарбаев Университетінің» коммерциялық әлеуеті бар ғалымдары мен өнертапқыштарының ғылыми-техникалық жобаларын әкімшілік қолдауға арналған интеллектуалдық-инновациялық кластер элементі. Бөлімшенің мақсаты – кіші инновациялық кәсіпорындарды құру, зияткерлік меншікке ие болу құқығын басқа ұйымдарға тапсыру, сондай-ақ инновациялық технологиялардың трансфертін құру арқылы дайын зерттемелер мен патентке қабілетті идеяларды отандық және шетелдік нарыққа шығару.

Коммерциялау кеңсесі әкімшілік еткен жобалар түрлі салалық бағыттылыққа ие және «Назарбаев Университетінде» дамып жатқан құзірет аяларына: биотехнология, энергия тиімділігі, жаңа материалдар, роботтық техника, ақпараттық технологиялар және т.б. сәйкес келеді.

 

Система коммерциализацииСиситема_коммерциализации

Коммерциялау Кеңсесінің міндеттері:

Жоғары патентке қабілетті және нарықтық табыс әлеуетіне ие жобаларды сұрыптау;

  • сарапшы бағасын ұйымдастыру (ел аумағында да, шетелде де);
  • қаржыландыруы бекітіліп қойған жобаларға әкімшілік ету;
  • жобаларды іске асырудың мониторингі;
  • лицензиялық шарт жасау;

зияткерлік меншікті қорғау бойынша қолдау - ұсынылған идея бойынша алдын-ала патенттік ізденіс, сақтау құжаттарын алуға өтінім материалдарын рәсімдеу және ұсыну. Бүгінгі күнде 49 патенттік өтінім мен авторлық құқықты тіркеуге 3 өтінім берілді, оның ішінде 24 патент пен 3 авторлық құқықты тіркеу куәлігі алынды;

  • «Назарбаев Университетінің» осы саладағы Саясатына сәйкес, зияткерлік меншік құқығын жүзеге асырудан түсетін кірістерді бөлу;
  • қаржыландырудың сыртқы көздерін тартуға, оның ішінде гранттық қаржыландыру аясында да қолғабыс ету.

Коммерциялау Кеңсесінің портфолиосы

профинансированные проекты

Ағымдағы жобалар:

  1. Онкологиялық ісіктердің қызулық абляциясын өлшеу үшін температураның оптикалық-талшықты сенсорын коммерциялау (оптикалық-талшықты сенсор).
  2. Оңайлатылған технология бойынша алынған микробты дақылдарды пайдалану арқылы ауылшаруашылық өсімдіктері «өнімділігінің» өсімі мен артуын жеделдету технологияларын дайындау. Қазақстандық диатомит негізінде тұқымды егіс қарсаңында өңдеу технологиясын дайындау және оның өсімдіктің өсуіне тигізетін әсерін зерттеу.
  3. Жарақат пен күйікті емдеу үшін ксеногендік таңғыштардың сериялық өндірісін ұйымдастыру.

 

Аяқталған жобалар:

  1. Көп реттік пайдалануға арналған синтетикалық қағазды дайындау;
  2. Қазақ тіліне арналған интеллектуалдық дыбыстық жүйе;
  3. «Ядро-қабық» құрылымды су жұқпайтын материалды алу;
  4. Жұмсақ материалдар үшін 3D AСM сканерлейтін зондтық нанотомограф;
  5. Қанды экстракорпоральді сүзгілеуге арналған ұяшық тәріздес көміртекті адсорбенттер негізіндегі медициналық құрылғы;
  6. Электр автомобильдеріне және жаңғыртылатын энергия көздерін энергетикалық жүйелерге қосуға арналған жоғары сыйымдылықты экологиялық батареялар;
  7. Интеллектуалдық өндірістік автоматика үшін көп атқарымдық роботтандырылған қолды пайдалану арқылы объектілермен жетілдірілген айла-шарғы жасау;
  8. Пептидті синтез қызметтерін ұсыну бойынша зертхана құру;
  9. Қазақстанның шалғайдағы аймақтарына арналған күн су көтергіші;
  10. «Назарбаев университетінің» ДНҚ-ны синтездеудің негізгі зертханасы үшін технологиялық платформаны сатып алу;
  11. Жазық гелиоколлекторлардың сынамалы өндірісі;
  12. Интерактивті жарнаманың жаңа буыны;
  13. Сүт-қышқыл өнімдерінің өндірісі үшін құрғақ пробиотикалық ұйытқыны алудың тәжірибелік-өндірістік реттемесін дайындау;
  14. Онлайн оқу курстарының дүкені.

 

Қаржыландырылған жобалар

Биомедицина

АТ және Роботтық техника

Энергия тиімділігі

Жаңа материалдар

Контакты

Жумагулов Данияр, директор – 8 (7172) 70-61-27

Асылханов Адильжан, менеджер по интеллектуальной собственности – 8 (7172) 70-57-76

Мадиярова Алия, менеджер по интеллектуальной собственности – 8 (7172) 70-47-90

Шаяхметова Ая, менеджер – 8 (7172) 70-62-72

Тлемисова Венера, менеджер – 8 (7172) 70-94-05

Таласбаева Кымбат, проектный администратор – 8 (7172) 70-61-65