Инженерлік-техникалық қызмет және Тәжірибелі-эксперименттік цех «NURIS» ЖМ-ның құрылымдық бөлімшелері болып табылады және «Назарбаев Университетінің» ғылыми-зерттеу және оқу зертханаларының барлық кешенінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Қызмет пен цехтың тікелей міндеттеріне мыналар жатады:

  • ғылыми, оқу және технологиялық жабдық пен жүйелерді орнату, монтаждау, оларға қызмет көрсету, мамандандырылған сервистік ұйымдармен қарым-қатынасты жүзеге асыру;
  • бөлшектерді, жекелеген тораптарды, эксперименттік қондырғыларды, тәжірибелік үлгілерді дайындау мен жөндеу және бар қондырғыны жаңарту бойынша жұмыстарды атқару. Механикалық цех қабырғасында техникалық мамандықтардың студенттері үшін практикалық сабақтар өтеді, сондай-ақ «дәнекерлеу ісі» және «өңдеуші білдектермен жұмыс» сияқты пәндер бойынша жарыстар өткізіледі;
  • өндірістік үлгілердің дизайны және жобалық модельдеуі бойынша жұмыстарды орындау, сондай-ақ прототиптердің технологиялық бөлігін құруда әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
  • «таза зертханалар», BSL1 және BSL2 деңгейіндегі химиялық және биологиялық зертханалар, жануархана, жоғарғы энергиялар зертханасы сияқты арнайы бөлмелерді қоса, жаңа зертханалар, ғимараттар мен құрылыстар үшін техникалық және жобалық шешімдерді дайындауға қатысу;
  • газбен жабдықтау, вентиляция және кондициялау жүйелерін, электр жабдығын монтаждау және оларға сервистік қызмет көрсету. Зертхана жұмысында 30-ға жуық газ түрлері пайдаланылады, оның ішінде жоғары қауіптілікті  тудыратын газдар да бар. «Назарбаев Университеті»  аумағында газға айналған күйде таза оттегі (99,5%) мен айрықша таза азотты (99,9999%)  алу үшін ауа таратқыш цех іске қосылды.  Осылайша криогендік қондырғылар мен құрылғылардың жұмысы қамтамасыз етіледі.
  • мекеме жұмыстарының бағыттары бойынша лицензиялық-рұқсат құжаттарын алу мәселелері бойынша мемлекеттік бақылаушы органдар мен  бейінді  қызметтермен (СЭС, өртке қарсы қызмет және т.б.) қарым-қатынас жасау;
  • еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша технологиялық тәртіпті, ережелерді және нормаларды ұстануды бақылау.