«NURIS» американдық «Heartstitch» компаниясымен бірге жүректің құрылымдық ауруларын емдеу үдерісін айтарлықтай жақсартатын жобаны жүзеге асырып жатыр. Бұл инвазивтілігі төмен ота жасау арқылы тіндерді тігудің бірден-бір жаңа технологиясы. Технопарк базасында «NobleStitch EL» құрылғысын – осы әдіске негізделген алғашқы өнімді шығаратын болады. Астанадағы өндіріс GMP халықаралық стандарттарына сәйкес келетін болады. Компания стратегиясы бойынша, бұл АҚШ-тағы (Фаунтин Валли қаласы, Калифорния) басты кеңседен кейінгі екінші өндірістік алаң болмақ. Соңында бұл өнім Қазақстанның, ЕО мен ТМД елдерінің ауруханаларына жіберіледі.

Технологияның артықшылықтары:

Осы уақытқа дейін кардиохирургияда жүректің құрылымдық ауруларын емдеудің негізгі екі әдісі болды: ашық ота немесе адам ағзасына минималды түрде араласумен құрылғыны имплантациялау. «HeartStitch» компаниясы екі әдістің де тиімділігі мен артықшылықтарын біріктіретін баламасын ойлап тапты. Бұл технология кардиологтарға ешқандай имплант қалдырмай, жүрек-қан-тамыр тіндерін катетер арқылы тігуге мүмкіндік береді. Осы тәсілдеменің негізінде «HeartStitch» өнімдердің бірқатарын әзірлеп шықты. Алғашқы «NobleStitch EL» құрылғысын бүкіл әлем мойындады және медициналық мекемелерде сұранысқа ие. Өнертабысты жүрек-тамыр  тіндерін тігу үшін АҚШ-тың  FDA басқармасымен (АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын қадағалау басқармасы) мақұлдады, сондай-ақ Еуропада сатуға рұқсат алынды. «NobleStitch EL» қайталама криптогенді инсульт, кейбір мамандық адамдарында болатын кессон ауруының қаупін төмендетуге, сондай-ақ бас ауруының әр алуан түрлерін емдеуге мүмкіндік береді.

Құрылғының жұмыс істеу принципін бейнежазбадан көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=sX-I1Ose7cY&feature=youtu.be

Жобаның қазіргі жағдайы:

Американдық мамандар технологияны Қазақстан аумағына енгізді және кардиологтарды оқытудан өткізді. «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ мен А.Н.Сызғанов атындағы «Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ базасында «NobleStitch EL»  құрылғысын пайдалану арқылы жүрекке 28 ота жасалынды. Мұндай оталар Еуропаның жетекші клиникаларында жүйелі түрде өткізіліп тұрады.

Технопарктің аумағында медициналық өнімдер өндірісі саласындағы халықаралық стандарттарға сай келетін «таза бөлме»  дайындалды. Онда негізгі жабдық орнатылды, қызметкерлер Калифорнияда оқытудан өтті. Қазақстандағы кеңсе ММБ-ны өндіру мен дайындауға ҚР-ның лицензиясын алды  және өнімнің әр түрін бөлек сертификаттауға өтінім дайындап жатыр.

«HeartStitch» компаниясы 2016 жылдың наурыз айында Технопарктің резиденті атанды. Қазақстандық кеңсе штатының біраз бөлігін «Назарбаев университетінің» түлектері құрады. Жоба жетекшісі - Казбек Аубакиров, “Educated Medical Solutions” ЖШС.

DSC_8821

Негізгі міндеттер: 

Өндірістің бірінші кезеңі – бұйымдарды жинау – жоғары дәлдікті және құрылғының абсолютті зарарсыздандырылуын талап етеді. Бұл шарттарды орындау ММБ-ны  Еуропада және ТМД елдерінде сатуға рұқсат алудың қатаң талаптарына сәйкес келуге деген компанияның қабілетін  көрсетеді.

Ары қарай өнімнің ассортиментін кеңейту, яғни Альфиери техникасы мен аннулопластика арқылы қос жармалы қақпақшаны емдеу, ЖАПА мен ҚАПА-ны (Жүрекше аралық перденің және қарынша аралық перденің ақаулары) жабу үшін жүрекке трансапикалды қол жеткізу бойынша құрылғыны өндіру жоспарланып отыр. Соңғы уақыт ішінде компания адамдарға алғашқы екі ота жасады: трансапикалды қол жеткізу бойынша Астанада және ҚАПА-ны жабу бойынша Линкопингте (Швеция) жасалынды. Бұл оқиғалар туралы жаңалық Еуропадағы, АҚШ-тағы, Дубайдағы кардиологтардың бас конгрестерінде айтылды және халықаралық медициналық қауымдастық тарапынан оң қабылданды.

Нәтижесінде Қазақстан өзін медициналық инновациялардың әлемдік картасында назар аударуға тұрарлық ел ретінде көрсетті.

DSC_8934

 «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ-ның дәрігерлері мен компанияның қазақстандық инженерлері клиникалық зерттеулерді жүргізуге және «HeartStitch-тің» болашақтағы өнімдерін әзірлеуге тікелей қатысуда. Бұдан бөлек, отандық мамандар  «NobleStitch EL» құрылғысын жетілдірді, және оны шығарушы Энтони Ноблс жаңа үлгінің  функционалдық сапасын жоғары бағалады.

HeartStitch

Операция по закрытию овального окна в АО «Национальный научный кардиохирургический центр» с использованием изделий HeartStitch

Көбірек білгіңіз келе ме?

Компания мен технология туралы толық ақпарат компанияның ресми сайтында орналастырылған  www.heartstitch.com