ЭКСПО департаменті

ЭКСПО департаменті – ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне дайындалу аясында тақырыптық іс-шараларды қолдауға жауап беретін  «NURIS» ЖМ-ның құрылымдық бөлімшесі. Бөлім «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ-мен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.
expo1

Көрме қарсаңындағы кезеңде «Болашақ энергиясы» атты екі форумды сәтті өткізуіміз департаменттің ауқымды қызметінің нәтижесі болды. Оның бірі – «Климаттың өзгеруімен күрес және болашақ энергиясы» тақырыбында 2015 жылдың желтоқсанында Парижде өтті. Екіншісі – «Барлығы үшін энергия» 2016 жылдың қыркүйек айында Астанада өтті. Бөлім мамандары толығымен іс-шаралардың контенті мен тұжырымдамасын әзірледі, ақпараттық және логистикалық қолдауды қамтамасыз етті. Қатысушылардың алдына қойылған өзекті мәселелер де «Болашақ энергиясы» басты халықаралық форум тақырыбының негізіне енді. Ол ЭКСПО-2017 көрмесі болатын барлық кезеңде (2016 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі арасында) өтетін болады. Қосымша ақпарат форумның сайтында www.futureenergyforum.org бар.

Департамент ойдағыдай орындап шыққан тағы да бір маңызды тапсырма көрменің «Үздік тәжірибелер аймағы» (Energy Best Practices Area, еВРа)   павильонына арналған жобалар байқауын ұйымдастыру  болды. Бөлім Халықаралық іріктеу комиссиясымен және сарапшы Жұмыс тобымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеді. Көптеген кезеңдер мен талқылаулардың нәтижесі бойынша өз жетістіктерін ЭКСПО-2017 көрмесінде көрсететін 22 қатысушы таңдап алынды.

«Болашақ энергиясы: климаттың өзгеруімен күрес» ФОРУМЫ

(Париж, 2015 жыл).

Әлемдік қауымдастық ғаламдық энергетикалық мәселелерді шешу үшін барлық күштерін біріктіріп жатыр. 2015 жылдың желтоқсанында ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде өткен «Болашақ энергиясы: климаттың өзгеруімен күрес» форумы соның айғағы.  Ол бейінді салалардағы халықаралық сарапшыларды, ықпалды саясаткерлерді, кәсіпорындар мен трансұлттық компаниялардың, ірі халықаралық ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ Нобель премиясының лауреаттарын және басқа да көрнекті ғалымдар мен экономистерді жұмылдырды. Форумды Назарбаев Университеті Қазақстанның Франциядағы елшілігі мен Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілдігінің қолдауымен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырды.

Форумға қатысушылар энергия тиімділігі саласындағы соңғы маңызды оқиғалармен бөлісті, сондай-ақ экологиялық таза энергия саласындағы ғылыми зерттеулері мен әзірлемелерін ұсынды.  Форум тәжірибе мен білім алмасуға жағдай жасай отырып, ресми және бейресми пікірталастарға арналған таптырмас алаң болды.

Сарапшылар ұсынған құнды идеялар мен ұсыныстар келесі іс-шараның тақырыбын, сондай-ақ ЭКСПО-2017  негізгі павильондарының бірінің  - «Үздік тәжірибелер аймағы» (Energy Best Practices Area, еВРа)   мазмұнын айқындап берді. Сонымен қатар олар 2017 жылы халықаралық көрме аясында өтетін «Болашақ энергиясы» негізгі форумының бағдарламасын құру кезінде ескерілетін болады.

Shigeo_Katsu_1_small

«Болашақ энергиясы: Барлығы үшін энергия» ФОРУМЫ

(Астана, 2016 ж.)

   Қазақстан барлығына қолжетімді болатын энергияны қолдайды. Бұл ұстаным 2016 жылдың қыркүйегінде Астанада өткен көрме қарсаңындағы кезеңнің соңғы тақырыптық форумында айтылды.

Көптеген адамдар арзан, экологиялық таза энергияның қолжетімсіздігі және қоршаған орта жағдайының нашарлауы салдарынан зардап шегіп жатыр. Форумның тақырыбы адамның негізгі  құқықтары мен қажеттіліктерін қамтамасыз етудің негізгі міндеті ретінде энергияға жаппай қол жеткізу болып табылады. Бұл ретте жаңа энергетикалық үлгіге көшу дамушы елдер үшін де техникалық жағынан жүзеге асырылатын болуы керек, сондай-ақ әділетті түрде бөлінуі және тұрақты болуы тиіс.

«Болашақ энергиясы: Барлығы үшін энергия» форумы салиқалы сұхбат пен ортақ мәселенің шешімін іздеу үшін тағы да үздік сарапшыларды, саяси қайраткерлерді, ғалымдарды, Нобель премиясының лауреаттарын және трансұлттық корпорациялардың топ-менеджерлерін бірге жинады.

Дәл бүгінгі күн кідіріп, адамзаттың энергетикалық ресурстарды тұтынуға деген қарым-қатынасына көңіл аудару үшін қолайлы күн болып табылады.

14711663_1154604961283232_110758296471548708_o

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің «Үздік тәжірибелер аймағына»  (eBPa) өтінімдерді іріктеу

«Үздік тәжірибелер аймағы» – тұрақты энергетиканың түрлі салаларында: өндірісте, электр энергиясын сақтау мен пайдалануда, климаттың өзгеруімен күресте және дамушы елдерде электр энергиясына қол жеткізуді қамтамасыз етудегі үздік технологиялар, жобалар мен стратегиялар ұсынылатын ЭКСПО-2017 көрмесінің ең негізгі павильондарының бірі.

2015 жылдың 10 желтоқсанында Парижде Халықаралық іріктеу комиссиясының (ХІК) «Үздік тәжірибелер аймағы» бастапқы құрылтай отырысы өткізілді, онда ұйымдастыру мәселелері қарастырылды, реттемелеуші құжаттар бекітілді және Жұмыс тобын құру ұсынылды. Кейінірек оған Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО) ұсынған энергетика саласындағы он үш тәуелсіз халықаралық сарапшылар енді. Өтінімдерді қабылдау 2016 жылдың 2 ақпанында ресми түрде жарияланды.

«NURIS» ЖМ ЭКСПО департаменті ХІК Хатшылығының қызметтерін атқарды: қатысуға өтінімдер қабылдады, олардың ресми талаптарға сәйкестігін тексерді және ары қарай қарауға Жұмыс тобына жіберді. Жалпы алғанда 2016 жылдың 31 шілдесіне дейін әлемнің 30 елінен 133 өтінім қабылданды.

Жұмыс тобы қатысу мен іріктеу рәсімінің бекітілген шарттарына сәйкес төрт критерий негізінде бағалау жүргізді. Нәтижесінде ХІК мүшелеріне 60 % межелік деңгейге (5 балдан 3) жеткен 64 өтінім жіберілді.

2016 жылдың 15 қыркүйегінде Халықаралық іріктеу комиссиясының қорытынды отырысы өтті. ХІК мүшелері іріктелген өтінімдер ауқымды географиялық қамтылуға, тақырыптық облыстардың, сондай-ақ техникалық шешімдердің алуантүрлілігіне ие болуы тиіс деген келісімге келді. Сайып келгенде, ұзақ талқылаулардан кейін «Үздік тәжірибелер аймағы»  павильонында ұсынылатын 22 финалға қатысушы таңдалынды.

Толық ақпарат пен финалға қатысушылардың тізімі ресми сайтта www.ebpa2017.org бар.

Международная Отборочная Комиссия Зоны Лучших Практик (eBPa)

10 декабря 2016 года в Виктория Палас Отеле в Париже, Франция состоялось первое заседание Международной Отборочной Комиссии Зоны Лучших Практик (eBPa). На заседании присутствовали Қ. Байғарин, А. Бингер, Ш. Катсу, Ю. Коике, Ф. Пфлюгер, Р. Рамеш, М. ван дер Ховен, В. Лоссерталес, а также представители Национальной Компании «Астана ЭКСПО-2017» и Назарбаев Университета.