БУРАБАЙДАҒЫ БИОСФЕРАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ  -

«НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНАЛЫҚ КЕШЕНІ.

 Экологиялық зертхана кешенінің құрылысы үшін Бурабай курорттық-сауықтыру аймағы кездейсоқ таңдалынған жоқ, өйткені экологиялық зертхана  биосфераның зерттеулеріне негізделетін болады. Бірегей табиғи ландшафт шабыт, демалыс және ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін керемет орын болып саналады. Дәл осы жерде көрнекті ғалым Владимир Иванович Вернадский 1941-1943 жылдар аралығында биосфера саласындағы өзінің барлық еңбектерінің жинағы болып саналатын «Химическое строение биосферы Земли и ее окружение» атты кітабын аяқтаған.

Алайда өңірдегі экологиялық жағдай жыл сайын нашарлап барады. Сарапшылардың деректері бойынша, өткен ғасырдың 60-жылдарынан бері Бурабай суларындағы су деңгейі үш метрге төмендеген, сондықтан да зертхананың зерттеушілері бірінші кезекте мәселенің мониторингі және талдауымен, сондай-ақ көлдің саяздануы мәселелерімен айналысатын болады.

Кешеннің құрылысы барысында тек экологиялық таза материалдар қолданылатын болады, жергілікті жердің бедері техногенді және басқа да антропологиялық әсер етулерге ұшыратылмайды. Табиғатпен үйлесімділікке қол жеткізуге дамуына болашақ зертхана мамандарының қызметі бағытталған баламалы энергетиканы пайдалану көмектеседі. Табиғи жаратылыс жағдайында, қоршаған ортаға аз мөлшерде өнеркәсіптік жүктеме артатын аймақта орналасқан мұндай зертханалар әлемнің жетекші университеттерінде бар екендігін халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр. Мысалы, Гавайидағы  «Мauna Loa» күн обсерваториясы. Сонымен қатар осы сияқты «ғылыми полигондар» әлемдік жетекші энергетикалық компаниялардың ғылыми-зерттеу бөлімшелерінің - «Shell» (АҚШ), «Total» (Франция), «Statoil» (Норвегия) және т.б. құрылымына енеді.

биосферный центр в Боровом
Бурабайдағы экологиялық кешенге 30-ға жуық зертханалар, ғылыми кампус, аумағы 20 гектар болатын обсерваторияға арналған алаң, табиғат мұражайы, қонақтар мен қызметкерлерге арналған қонақүй кіретін болады.

Зертханалар:

  1. пәнаралық гидроэкологиялық орталық:
  • Гидрологиялық мониторинг зертханасы;
  • Гидрогеологиялық мониторинг зертханасы;
  • ГАЖ-технологиялары мен қашықтықтан картаға түсіру зертханасы.
  1. ботаника және биоқұрылғылар зертханасы;
  2. таза энергетика және «ақылды» желілер зертханасы;
  3. жаңғыртылатын энергетика полигоны;
  4. қоршаған орта мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мониторингінің орталығы:
  • топырақтану зертханасы;
  • қоршаған ортаның ластануы мониторингінің кешенді зертханасы;
  • экологиялық микробиология зертханасы;
  • жалпы экология зертханасы;
  • мобильді зертхана.
  1. информатика орталығы;
  2. жасыл химия зертханасы.