ЖҮРЕКТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ АУРУЛАРЫ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ АСТАНАДА ӨТТІ

January 20, 2016

Жүректің құрылымдық аурулары бойынша жыл сайынғы алғашқы конференция өтті, оған кардиологтарды, неврологтар мен УДЗ мамандарын қоса алғанда, Қазақстанның 100-ден астам жетекші медицина мамандары қатысты. Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы Германиядан, Ұлыбританиядан, Швеция мен АҚШ-тан келген белгілі халықаралық дәрігерлер мен ғалымдарды қабылдады. Жүректің құрылымдық аурулары бойынша жыл сайынғы алғашқы халықаралық конференция медициналық мақсаттағы бұйымдар өндіретін HeartStitch компаниясымен бірлесіп, сондай-ақ Назарбаев Университеті Медицина мектебінің қолдауымен өткізілді.

Конференция желтоқсанның 10-13 аралығында өткізіліп, 3 күнге созылды және келесі мақсаттарды көздеді: ашық сопақша терезені (АСТ) табу үшін пациенттерді қалай анықтауды және тестілеуді неврологтарға үйрету; интервенциялық кардиологтарды қажетті рәсімдерді орындауға үйрету; УЗД мамандарын АСТ диагностикасында пайдаланылатын тестілер жүргізуге үйрету. Конференция уақытында белсенді талқыланған, АСТ жабу үшін NobleStitch жіктік технологияны жасаушы профессор Ноблстың айтуына қарағанда, осының бәрі бүкіл ел бойынша көптеген пациенттердің өмірін жақсартуға көмектесе алатын толық дайындығы бар және білікті мамандар жүйесін түзеді. "Айтылған оң пікірлер және осы конгреске қатысуға бүкіл Қазақстанның мүдделі болуы біздің HeartStitch® компаниясымен ынтымақтасуға бейілді екендігімізді растап берді. Біздің ынтымақтасуымыздың мақсаты өзіміздің пациенттерімізге көмектесу үшін және біздің қызметкерлер мен студенттеріміздің академиялық тәжірибесін байыта түсу үшін соңғы әлемдік медицина технологияларын және инновацияларды Қазақстанға әкелу болып табылады." – деді Назарбаев Университеті Медицина мектебінің деканы профессор Массимо Пиньятелли. Конференция мерекелік қонағасымен және біздің Президентіміз Катсудың сөз сөйлеуімен аяқталды, ол өз сөзінде ынтымақтастықты қолдайтынын және оған бейілді екендігін білдірді. Әлемдік опера өнерінің аты аңызға айналған хас шебері Бибігүл Төлегенова дастарқан төрінен орын алып, конференцияға қатысушыларға олардың мейірімді еңбегі үшін алғысын білдірді. Әнші орындаған екі композиция және конференцияға қатысушылардың бәрімен жеке ашық қарым-қатынасы есте қаларлықтай сыйлық болды.