13 сәуірінде Назарбаев Университетінде «Astana Business Campus» Ғылыми паркінің командасы ұйымдастырған «BioTech: Ғылым және Бизнес» атты кешкілік семинар өтті

April 15, 2016

2016 жылдың 13 сәуірінде Назарбаев Университетінде  «Astana Business Campus» Ғылыми паркінің командасы ұйымдастырған «BioTech: Ғылым және Бизнес» атты кешкілік семинар өтті.

Назарбаев Университеті National Laboratory Astana-ның ғылыми қызметкерлері, Болашақ бағдарламасының түлектері Дамель Мектепбаева, Болат Султанкулов және Дана Акилбекова іс-шараның спикерлері ретінде сөз сөйледі. Өз болашақтарын қазақстандық ғылыммен және бизнеспен байланыстыратын кәсіпкерлер және жас ғалымдар бейресми жағдайда өз тәжірибелерімен бөлісті, Қазақстандағы биотехнологияның проблемалары мен келешегін талқылады.

Дамель Мектепбаева соңғы 100 жылда биотехнология адам өмірін қалай өзгерткендігі,  осы саланың келешегі туралы, яғни сәтті жобалар, ауқымды стартаптар мен инвестициялар туралы айтып берді.

Дана Акилбекова физика, инженерия мен медицинаның байланысын түсіндірді, сондай-ақ қазіргі уақытта Назарбаев Университетінде жұмыс істеп жатқан жобалары туралы айтты. Солардың бірі – сызықсыз микроскопиялық әдістер арқылы қатерлі ісікті бастапқы кезеңінде анықтау.

Болат Султанкулов - Enzyme Group–тың негізін қалаушы және кәсіпкер, Қазақстандағы және шетелдегі биотехнологиялық бизнесті жүргізудің тәжірибесімен бөлісті.

«Astana Business Campus коммуникативті алаңы бизнес қауымдастықтарды ғылыми-зерттеу орталарымен біріктірудегі бірегей платформа. Біздің жас ғалымдарымыз өздерінің жетістіктерімен бөлісуі және басқаларды ынталандыруы біз үшін өте маңызды. Astana Business Campus  алаңы бұл инноваторлар үшін қолайлы жағдай тудыратын және өздерінің идеяларын іске асыруға көмектесетін жоба»,-дейді қорытындысымен бөліскен Назарбаев Университеті Инновациялар және ғылым жөніндегі Вице-президенті Канат Байгарин.